Әкімші, супертоп және т.б.

Read the original announcement in English

Telegram топтары бастапқыда демократиялық түрде жасалған. Әркім жаңа мүшелерді шақыра алады, топтың атауы мен суретін өзгерте алады, бұл достар немесе әріптестердің шағын топтары үшін өте ыңғайлы. Бірақ Telegram әлдеқайда үлкен қауымдастықтарды да қолдай алады, оларға көбірек басқару қажет. Үлкен топтарда өмірді жеңілдету үшін бүгін біз әкімшілікті енгіздік.

Енді топтарыңның қалай жұмыс істейтінін өзің таңдай аласыз. Әдепкіде барлық мүше басқару құқығына ие. Бірақ тәртіпті көбірек қажет етсеңіз, топқа қосымша әкімшілер тағайындай аласың.



Жаңа шектеулі режімді қоссаңыз, тек әкімшілер ғана жаңа адамдарды қоса алады және топтың атауы мен суретін өзгерте алады. Әкімшілер басқа мүшелерді топтан шығара алады.

Супертоп

ЖАҢАРТУ: Супертоп 2.0 нұсқасын қараңыз: бекітілген жазба, ашық топ, жаңа модерация құралы!

Telegram топтары әрқашан бәсекелестерінен бірнеше қадам алда болды. Бұрын 200 адамға дейінгі топтарда жауаптар, атап өтулер мен хештегтер арқылы тиімді сөйлесуге болатын. Енді одан да мықты етуге уақыты келді.

2013 жылдан бері қолданушыларымыз үлкен бірлестіктерді Telegram-ға көшіруді қалайтынын айтып келеді. Бүгіннен бастап тобыңыз толған кезде оны 5000 мүшеге дейін қолдайтын супертопқа жаңарта аласыз.



Супертоптар үлкен онлайн бірлестіктерді орналастыруға оңтайландырылған және ұзақ уақыт хаттарды жіберіп алсаңыз да тез жүктеледі. Олардың жұмыс істеу ерекшеліктері:

  • Жаңа мүшелер қосылғанда барлық хат тарихын көре алады.
  • Жойылған хаттар барлық мүше үшін жасырылады.
  • Қарапайым мүшелер тек өз хаттарын жоя алады.
  • Супертоптар әдепкіде үнсіз режімде болады және қосылған немесе шыққан жайлы аз мәлімдеме жібереді.

Барлық ресми Telegram қолданбасы бүгін осы жаңартуды алады.

Ескерту: супертопқа кіру үшін Telegram-ның соңғы нұсқасы қажет. Топтарыңызды жаңартпас бұрын біраз күткен дұрыс, жаңарту барлық қолданушыға жеткенде олар топтарын көре алады.

iOS бонусы: ең үздік қолданбадағы мәлімдеме

iOS қолданушылары жаңа қолданбадағы мәлімдемеден ләззат алады. Мәлімдемені төмен тартып, толық мәтінді немесе тіркелген медианы алдын ала көре аласың.



Басқа чаттан шықпай-ақ сол жерден бірден жылдам жауап немесе стикер жібере аласыз.

Android бонусы: арналарға арналған Quick Share

Android қолданушылары арналардағы жаңа жылдам бөлісу мәзірін қолдана алады. Арна хаттарының жанындағы жіберу батырмасын бассаңыз жеткілікті.



Биыл бізде тағы бірнеше тосын сый бар. Жаңартуларды күтіңіз!


Telegram командасы,
2015 жылы 25 қараша

Басқа жаңалықтар

Мүше белгісі, Telegram арқылы кіру, жөнелтуді өшіру, GIF өңдеу, күнді пішімдеу, дауыс берудің уақыт белгісі

Бүгінгі жаңартуда біз топ мүшелерінің өздерінің кім екенін көрсетуіне көмектесу үшін белгілерді…
1 нау 2026

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9 ақп 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3 қаң 2026

Кіру кілті, сыйлық сатып алу ұсынысы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз кіру тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын…
12 жел 2025